Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Оралда екі жыл ішінде 13 апатты үй тұрғындары басқа жерлерге қоныстандырылды

Оралда соңғы екі жыл ішінде 13 апатты үй тұрғындары басқа жерлерге қоныстандырылды, деп хабарлайды strategy2050.kz сайты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан22 Желтоксан , 00:00

Ескі және апатты үйлердің тұрғындары жаңа пәтерлерге қоныстандырылуда. Тек соңғы екі жыл ішінде ғана 124 адам жаңа баспанаға ие болды. Алайда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жыл өткен сайын апатты үйлер санының артып келе жатқанын айтады. 


Деповская 2/6 көшесіндегі үй апатты болып танылды. Қалқанша ғимарат 1936 жылы уақытша барақ ретінде салынған. Бірақ мұнда оралдықтардың бірнеше буыны тұрып келді. Үй тұрғындардың көз алдында жарылып жатыр, бірақ әлі тұр. Валентина Хрусталева осы үйде 40 жылдан астам уақыттан бері тұрып келеді.

«Үйіміз 90 пайызға тұруға жарамсыз. Комиссия осындай қорытынды жасады. Техникалық нормалар бойынша үйге су мен газ өткізуге болмайды», - дейді үй тұрғыны Валентина Хрусталева.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде апатты 10 үйдің тұрғыны жаңа пәтерлерге көшірілгенін айтады. Үш үй проблемалы болып отыр. Кейбір пәтер иелері оларға үлкен баспана беруді талап етіп, көшуден бас тартып отыр. Олармен сот органдары жұмыс жасауда. 

«Біз Деповская көшесіндегі үй тұрғындарын басқа жерлерге қоныстандыруға дайынбыз. Онда 15 пәтер бар. 14 пәтер иесінің құжаттары дұрыс. Ал 1 бөлмелі пәтерге құжаттары бар отбасы үш бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Солар үшін басқа адамдарды көшіре алмай отырмыз», - деп атап өтті қалалық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі Арман Бісімбалиев.

Жылына бір бес қабатты үй салынатын болса, апатты үйлер мәселесін шешуге болады. Оралда тұрғын үй қоры қазірде 60 пайызға тозған. Көптеген көпқабатты үйлердің соңғы мерзімі - 2030 жыл.

«Оралда 28 үй апатты болып танылды. 2010 жылдан бері 13 үйдің тұрғындары көшірілді», - деп мәлім етті қалалық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі Тимур Ашығалиев.

Апатты үйлердің тұрғындарына қазірден бастап жаңа пәтер сатып алуға қаражат жинау жағын ойластыру жөнінде кеңес берілуде. 




Яндекс.Метрика