Инфрақұрылымды дамыту

Алматыда Алмалы ауданының тұрғындары «ТКШ жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті

Алматы қаласының Алмалы ауданында «ТКШ жаңғырту» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары басталды.
Алматы06 Наурыз , 00:00

Төле би көшесі, 130 мекен жайында тұратын Алматы ауданының тұрғындары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік бағдарламасымен танысты. Қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері Алмалы ауданының тұрғындарын құжаттың бағдарламаны кезең-кезеңмен жүзеге асыру бөліміндегі мүмкіндіктер жайында түсіндіріп өтті. Төле би көшесі мен Байзақов көшесінің қиылысындағы олар тұратын үй 1958 жылы салынған. Сол жылдан бері тұрғындар бірнеше жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алайда күрделі жөндеу жұмыстарын көптен бері қолға алмаған. Тұрғындардың айтуынша, үйдің алдыңғы беті, шатыры мен элеваторлық тораптары күрделі жөндеуді қажет етеді. 
«Аталған үйге қатысты жөндеу жұмыстарының түрлерін тұрғындар өздері таңдайды: не үйдің қасбеті мен шатырын, не кіреберісі мен инженерлік желілерін немесе элеваторлық тораптарды. Олар нені қаласа, біздер сол жұмыстарды ұйымдастырып береміз. Жөндеу жұмыстарының белгіленген шекті құны жоқ, негізінен барлық үйлер 15-17 млн теңге аралығындағы қаражатқа жүргізіледі. Алматы бойынша «ТКШ жаңғырту» бағдарламасы аясында болжамдық бөлінетін қаражат көлемі 1 млрд 600 млн теңгені құрайды. Алмалы ауданы бойынша біздер шамамен 15 үйдің жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп жоспарлап отырмыз. Жұмыстар күн райына қарай басталатын болады. Күн қашан жылиды, сол уақытта жұмыстар басталады. Ол дегеніңіз сәуір айының басы не аяғы», - деп мәлім етті Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ТКШ жаңғырту бөлімінің бас маманы Мақсат Сәрсенов. 
Естеріңізге сала кетейік, «ТКШ жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарына мұқтаж тұрғындар оны ПИК арқылы сәйкес органдарға өтініш білдіру негізінде жүзеге асыра алады. Жөндеу жұмыстарының құны үйге жүргізілген жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне байланысты. Жөндеу жұмыстары үшін қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Ал тұрғындар оны пайызсыз негізде 7 мен 15 жыл аралығында өтей алады. Сондай-ақ, тұрғындар жөндеу жұмыстары барысында өрескел қателіктерге жол берілсе, сапасыз қызмет үшін ақша төлеуден бас тартуларына болады. 




Яндекс.Метрика