Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

2014-2018 жылдары елімізде жылдық инфляция деңгейі 6-8% шамасында болады

2014-2018 жылдары Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 6-8% шамасында болады деп болжанып отыр. Бұл жөнінде бүгін Экономикалық саясат жөніндегі Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Қарағанды28 Тамыз , 00:00

«2014-2018 жылдары Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 6-8% шамасында болады», - деп атап өтті отырыста 2014-2018 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын сөз еткен министр.

Министрдің айтуынша, 2014 жылы тауарлар экспорты 4,2 пайызға төмендейді деп болжануда. Бұл негізінен мұнай бағасының төмен болуы есебінен байқалмақ. Ал 2015 жылдан бастап мұнай экспорты көлемінің өсуі нәтижесінде орташа алғанда 8,7 пайыз шамасында өсім болады.

«2014 жылы тауар импорты 58,6 млрд. доллар көлемінде болса, 2018 жылы ол 93 млрд. долларға жетеді», - деп толықтырды ол.




Яндекс.Метрика