Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

БЖК–2020: Алматыда иілген профиль зауыты өндіріс қуаттылығын екі есе ұлғайтты (ФОТО)

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының арқасында Алматы иілген профиль зауыты өндіріс қуаттылығын арттырды. Бұл жөнінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар бойынша баспасөз туры кезінде «Алматы иілген профиль зауыты» ЖШС-ның қаржы директоры Алмат Қарабеков мәлімдеді.
Алматы қаласы22 Желтоксан , 00:00

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялауының арқасында қаржыландыру кезеңінде біз 10 млн теңгеге дейін қаражат үнемдейміз. Бұл біздің зауытқа өндіріс көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және нарықта бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді», деді А.Қарабеков. 

Оның айтуынша, «Алматы иілген профиль зауыты» ЖШС «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жаңа жабдыққа қол жеткізді. Қазіргі уақытта өндіріс машиналары толық қуаттылықта жұмыс жасауда. 

«Аталған жабдық әлдеқайда жетілдірілген. Өндіріс қуаты артты. Бұған дейін 1 000 тонна болса, қазір өндіріс көлемі 2 мың тоннаға жетті. Осы жабдықтың арқасында біздің зауыт барлық мемлекеттік стандарттарға сай сапалы өнім шығаруда», – деді А.Қарабеков.  




Яндекс.Метрика