Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Білім министрі шетелдік жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов шетелдік өнер оқу орындарының ректорларымен кездесті.
Казахстан06 Наурыз , 00:00

«Біз өзге салалармен бірге, мәдениет және өнер саласында да өзге елдермен қатар жылжып келеміз. Басты мақсаттардың бірі – білікті мамандарды даярлау болып табылады. Бұл ретте шетелдік өнер оқу орындарымен ынтымақтастық орнатудың маңызы зор», - деп атап өтті кездесуде министр. 

Білім және ғылым министрінің айтуынша, жыл сайын қазақстандық студенттер шетелде оқып, білімдерін толықтыру мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ жыл сайын шетелдік жоғары оқу орындарының 1500 оқытушысы Қазақстанға келіп, дәріс оқиды.

Өз кезегінде Италиядағы Е. Р. Дуни атындағы консерваторияның ректоры Вицелло Саверио Қазақстанда білім мен өнер саласы жақсы дамып келетінін сөз етті.

«Бүгінгі күні Қазақстанда өнер мен мәдениет қарқынды дамып келеді. Бұл салаларды дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Мәдениет орталығы – Италияда бұл үдеріс сәл тоқтағандай. Бізде қазақстандық студенттер оқиды. Оларға қарап, қазақтардың білім мен өнерді меңгеруге деген зор ұмтылысын байқаймыз. Сіздерден үйренеріміз бар», - деді Саверио.

«Бізде шетел бөлімі бар. Онда түрлі елдерден 200 студент оқиды. Қуантатыны, қазақстандық студенттер мықты бәсекелестікке төтеп бере алады. Дайындықтары өте жақсы екені аңғарылады. Мұның маңызы зор деп ойлаймын», - деді өз сөзінде П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық консерваториясының ректоры Александр Соколов.

Бақытжан Жұмағұлов алдағы уақытта ынтымақтастық аясы кеңейе түсетініне сенім білдірді.




Яндекс.Метрика