Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

2014 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 14,6 мың долларды құрайды – Ерболат Досаев

Қазақстанда 2014 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 14,6 мың долларды құрайды деп болжануда. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Казахстан28 Тамыз , 00:00

«2014-2018 жылдары экономиканың нақты өсімі 6-7,1 % деңгейінде болады деп болжануда. Номиналдық ЖІӨ 2014 жылғы 38,6 трлн теңгеден 2018 жылы 65,9 трлн теңгеге дейін өседі», - деді отырыста 2014-2018 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын сөз еткен министр.

Оның айтуынша, 2014 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 14,6 мың долларды құрайды. 2018 жылы ол 24 мың долларға дейін өспек.




Яндекс.Метрика