Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Мәскеуде Иран ядролық бағдарламасына қатысты Алматыдағы келіссөздердің қорытындысы талқыланды

Сейсенбі, 5 наурызда, Мәскеуде Иран ядролық бағдарламасы мәселелері жөніндегі келіссөздердің алматылық раундының қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» өтті.
Әлемде06 Наурыз , 00:00

Іс-шараға РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары, ресейлік политологтар мен қоғам қайраткерлері, ядролық қаруды таратпау саласындағы сарапшылар, сонымен қатар БҰҰ мен НАТО өкілдері қатысты. 

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ғалым Оразбақов Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді атом арсеналынан өз еркімен бас тартып отырған Қазақстанда өткізу туралы қабылданған шешім біздің ядролық қатерді таратпау саласындағы бастамаларымыздың халықаралық деңгейде мойындалуын паш ететінін атап өтті. 

РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Максим Шингаркин қатысушылар Иранның ядролық проблемасына өз көзқарасын білдіруге мүміндік алған құрылымдық диалогтың оң ерекшелігі болғанын сөз етті. Депутаттың пікірінше, Қазақстан келіссөздер алаңын ұсынып қана қоймай, ядролық қаруды таратпау саласындағы бір ізділік пен жүйелілікті көрсетуде. «Ядерный клуб» журналының бас редакторы Антон Хлопков Қазақстан өз аумағын келіссөздер аумағын ұсына отырып, олардың қатысушылары арасындағы сенім шараларын әзірлеуге мүмкіндік туғызып жатқанын атап өтті.




Яндекс.Метрика