Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Жетекші автстралиялық компаниялар «Қазақстан-2050» стратегиясының экономикалық саясатына қызығушылық танытуда

Бейсенбі, 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сингапурдағы және қосымша Австралиядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Батыс Австралия штатының саяси және іскерлік ортасының өкілдерін Президент Н.Назарбаевтың халыққа «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі мақсаттарымен таныстырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Желтоксан , 00:00

Өткізілген таныстыру барысында Перт қаласының мэрі Лиза Скафиди (Lisa Scaffidi) елдің жаңа ұзақмерзімді бағыттары ұлттық экономиканы жаңғыртуды және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігіне сенімін білдірді. Австралиялық саясаткер Қазақстан халқын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астана қаласында өткізу құқығын жеңіп алуларымен құттықтап, «Болашақтың энергиясы» атты қазақстандық тақырыптың халықаралық қоғамдастық үшін маңыздылығын атап өтті. Ол Перт Австралияның «мұнай-газ астанасы» және Дүниежүзілік энергетикалық қалалар серіктестігінің (World Energy Cities Partnership) жалғыз австралиялық мүшесі болып табылатындығын айтты.

Батыс Австралияның Сыртқы істер және сауда департаментінің басшысы Симон Стрингер (Simon Stringer) жаңа стратегиялық бағыттың ашықтығы шетелдік серіктестер мен инвесторлар үшін маңызды фактор болып табылатынын атап айтты. Осыған байланысты С.Стрингер биылғы жылы Австралияның премьер-министрі Джулия Гиллард та сондай-ақ 2025 жылға дейінгі кезеңге елдің азиялық бағыттағы негізгі басымдықтары бар жаңа сыртқы саяси жоспар ұсынғанына назар аударды. 

Micromine Supply & Allied Services» Logic Service, «Ausenco Limited» және т.б. сияқты қазақстандық нарықта жұмыс жасайтын жетекші австралиялық компаниялардың жетекшілері «2050 стратегиясының» шеңберіндегі экономикалық саясатқа ерекше қызығушылық танытты.

Батыс Австралия жасыл құрлық территориясының үштен бір бөлігін алып жатқан Австралияның ірі штаттарының бірі, кен өндіру және мұнай-газ өнеркәсібіндегі экономикалық қызметтің негізгі бағыттары бар ұлттық экономиканың локомотиві болып табылады.




Яндекс.Метрика