Бюджет саясаты

Үкімет 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы мақұлданды.
Казахстан28 Маусым , 00:00

«Елбасы бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды және оны дер кезінде игеруге ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондықтан аталған маңызды құжаттарды Парламентке белгіленген мерзімде енгізуіміз қажет», - деді Премьер-министр. 

Үкімет басшысы «үш жылдық бюджеттің министрліктер, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының негізінде жасалғанын атап өтті. 

«Парламентте бюджеттік заң жобалары қарастырылады. Мемлекет басшысы бекіткеннен кейін, бюджетті сапалы орындау Үкіметтің басты міндетіне айналады», - деп түйіндеді ол.

Сондай-ақ отырыста 2014-2018 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, бірқатар ілеспе заңдардың жобалары мен ҚР Президенті Жарлығының жобасы талқыланды.




Яндекс.Метрика