Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

«Қазақстан-2030» стратегиясында көрсетілген міндеттер жоспарға сай жүзеге асырылып келеді - Ә.Исекешев

Қазақстан дамуының негізгі бағдары - «Қазақстан-2030» стратегиясында көрсетілген міндеттер жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы бүгін аталмыш құжаттың 13 жылдығына арнайы ұйымдастырылған «Стратегия - 2030: тұрақты даму жолы» атты халықаралық конференция барысында Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

Оның айтуынша, құжаттағы 2010 жылдарға дейін жоспарланған міндеттер толығымен орындалды. «Біз бұл міндеттерді тіпті 2008 жылдың өзінде орындап үлгердік десе болады. Нақтырақ айтқанда, 2008 жылы елдің ішкі жалпы өнім көрсеткіші 2 есеге артты. Ал, 13 жыл ішінде ішкі жалпы өнім 6 есеге көбейді. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткіші 4 есеге артып, биылғы жыл бұл меже 7 мың АҚШ долларынан асып жығылды. Сондай-ақ, тікелей шет ел инвестицияларының мөлшері 118 миллиард АҚШ долларын құрап, еліміздің халықаралық активтерінің құны ұлттық қорды қоса есептегенде 57 миллиард долларға жетті», - деді министр.

Сондай-ақ, ол сөзінде банк сақтандыру секторы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметінің нығайып келе жатқандығын атап өтті. «Әрине, бұның барлығына біз оп-оңай қол жеткізе салған жоқпыз. Үлкен қиындықтарды да бастан өткердік. Дегенмен біз әлі тұрақты дамып келеміз. Өйткені біз өзімізге төнген қауіп-қатерден сақтана білдік»,- деді Ә.Исекешев.




Яндекс.Метрика