Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ОА елдері бойынша сарапшы: Қазақстан Президенті энергияны дұрыс арнаға бағыттап, нәтиже ала алады

Еуропада, бүкіл әлемдегі сияқты қазақстан Президентінің өз халқына Жолдауы белсенді талқылануда. Бұл жөнінде саяси сарапшы, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы (Германия) Михаэль Лаубш мәлімдеді.
Астана қаласы21 Желтоксан , 00:00

«Менің көзқарасымша, онда барлық аспектілер ескерілген және бастысы онда болашаққа ұмтылыс пен шынайы нақты қадамдар бар. Елбасыларыңыз энергияны дұрыс арнаға бағыттап, нәтиже алуды біледі. Бұны алдыңғы «Қазақстан-2030» бағдарламасын жүзеге асыру да дәлелдеп берді», - дейді М.Лаубш.


«Және оның бұл Стратегияны Қазақстан Тәуелсіздігі күнінде жолдау фактісі де құжаттың оның жеке өзі үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Жаңа саяси бағыт сәтті жүзеге асырылады деген сенімдемін», - деп толықтырды сарапшы.

Оның айтуынша, құжат Еуроодақ шеңберінде ғана емес, сонымен қатар Германияда да позитивті түрде қабылданды.

«Бұл «Қазақстан-2030» стратегиясының, «Еуропаға жол» бағдарламасының жалғасы болып табылады және бүкіл қоғамның бірігуін қарастырады», - деп қорытындылады ол.




Дерекнама

Яндекс.Метрика