Өңірлер

Мемлекеттің дамуы оның халқының әл-ауқатына байланысты - «Қазатомпром-Демеудің» бас директоры Е.Төлебаев

«Қазатомпром-Демеу» ЖШС-нің («Қазатомпром» ұлттық атомдық компания» АҚ құрамындағы әлеуметтік компания) бас директоры Ербол Төлебаев ЖШС ұжымы ҚР Президентінің халыққа Жолдауында атап көрсеткен саяси бағытын құптайтынын хабарлады.
Астана қаласы02 Наурыз , 12:01

«Н. Назарбаев атап өткендей, халықтың әлеуметтік көңіл-күйі түпкі мақсатымызға жетуде біздің басты индикаторымызға айналуы керек.  «Қазатомпром» бүгінде еліміздегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі. Компанияда 25 мыңнан астам адам нәпақасын табуда. Жұмысшы ұжымда және аймақ халқының өміріне қатысуда  «Қазатомпром» әлеуметтік жауапкершілік және ынтымақтастық қағидасын берік ұстанады. Біз компанияның өңірдің дамуына атсалысуы қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, ол біздің жоғары әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігіміз», - деді  Е. Төлебаев.

Сонымен қатар ол, Елбасы тәуелсіздік алған кезден бастап халыққа қамқор болуды және оларға қолайлы өмір сүруге жағдай жасауды алдыңғы қатарға қойғанын атап өтті.

«2014 жылғы Жолдауда Елбасы қаншалықты қамқор болу және денсаулығы мықты, білімді, мәдениетті, әлеуметтік тұрақты және қорғалған ұлтты тәрбиелеудің маңыздылығын еске түсірді.  Басты ресурс және табыс көзі – ол адамдар. «Қазатомпром-Демеу»  ЖШС-нің  басшылығы және ұжымы Елбасы таңдаған саяси бағытты қолдайды және оны жүзеге асыруға барынша күш салады», - деп Е. Төлебаев түйіндеді. 




Яндекс.Метрика