Өңірлер

Д.Абсаттаров: ШОБ тексеруге мораторий жариялау бизнес үшін шынайы көмек

Мемлекет басшысының ШОБ тексеруге мораторий жариялауы кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан шынайы көмек, деп Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров ағынан жарылды.
Қызылорда 02 Наурыз, 11:20

«Мемлекет басшысының ШОБ тексеруге мораторий жариялауы кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан шынайы көмек.  Бұл шара кәсіпкерлерге шаруасының шырайын келтіруге көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. ҰКП-ның  түпкі мақсаты қағазбастылық пен сансыз тексерулер санын барынша қысқарту болып табылады. Осы мақсатта Бас прокуратура ҰКП бизнеске қатысты тексерулер туралы ақпаратты қолжетімді етеді.  Аталмыш жұмыс тексерулердің ашықтығы мен шынайылығын арттырады», - деп есептейді Д. Абсаттаров. 

Аймақтық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетовтың  айтуынша, бұл бизнес жүргізіп отырған әрбір қазақстандық үшін шынымен де үлкен көмек.

«Мораторийді жыл соңына дейін жариялау, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШОБ тексеру бойынша жаңа тәртіптерді енгізу және әкімшілік кедергілердің 50% жою Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына тың серпіліс беретініне сенімдімін. Бұл шешім ел экономикасының өсіміне оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізеді», - деп А. Махамбетов атап өтті.





Дерекнама

Яндекс.Метрика