Ұлтаралық бірлік

Е.Каппель: ҚХА-ның негізгі векторлары – ғасырлар бойғы ұлттар достығы мен мемлекеттің ұлттық саясаты

Қазақстан халқы ассамблеясының негізгі векторлары – ғасырлар бойғы ұлттар достығы мен мемлекеттің ұлттық саясаты, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егор Каппель Strategy2050.kz АА тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Астана қаласы02 Наурыз , 10:00

«Барлық Ассамблея мүшелерін осындай атаулы күн  ҚХА бүгінгі мерейтойымен  құттықтаймын. Егер, тарихқа көз жүгіртетін болсақ ол 1995 жылы құрылып, Қазақстан халықтарының ассамблеясы деп аталған болатын. Бүгінде ол Қазақстан халқы ассамблеясы болып табылады. ҚХА құрамына кіретін көптеген этникалық орталықтар әлеуметтік жобалармен айналысады.  ҚХА-ның  негізгі веторлары күні бүгінге дейін сақталды және сақтала береді. Олар Қазақстанда тұратын ұлттардың достығы және мемлекеттің ұлттық саясаты», - деді Е.Каппель.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Асамблеясын құру туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлыққа қол қойғанына 19 жыл толды. 

Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы идеясын Елбасы алғаш рет 1992  жылы еліміздің тәуелсіздік алғанына 1 жыл толуына орай өткен мерейтойда мәлім етті. Ал, 1995 жылы 1 наурызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы Жарлығы шығып, оған ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңестік мәртебе берілді. 




Яндекс.Метрика