Өңірлер

ӨДМ бизнеске тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы ақпараттандырды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Бауыржан Бекешев пен Кәсіпкерлкті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева бизнеске тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау жөніндегі шаралар туралы мәлімдеді.
Казахстан01 Наурыз , 14:00

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 27 ақпанда еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес 2014 жылғы 2 сәуірден бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізуге тыйым салынды.

«Сонымен, мемлекеттік органдар 2013 жылы 182 126 тексеру жүргізді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 25%-ға аз (2012 жылы 242 698 тексеріс жүргізілді). Тексерулердің қысқаруына қарамастан, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі олардың шоғырлануы байқалады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы тексерулердегі үлесі 92%-ды құрайды» -деді Ғ. Жолдыбаева.

Сондай-ақ, мемлекеттік бақылау бағыты қауіп дәрежесі орташа және төмен тобына жатқызылған субъектілерде болғаны байқалады. Олардың үлесі 74% құрады. Осындай субъектілерге қатысты тексерулер жүргізу мемлекеттік бақылауды қауіп дәрежесі орташа және төмен субъектілерге қарағанда, қауіп дәрежесі жоғары субъектілерге бағыттауға мүмкіндік бермейді. Әкімшілік іс жүргізу барысында мемлекеттік органдардың мемлекеттік бақылаудың  жазалау тәжірибесін қолданатынын байқалады.

«Министрлік жақын арада Парламентке «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң жобасын енгізетін болады. Аталған Заң кәсіпкерлерге ауыртпашылық түсіретін жаңадан енгізілетін негізсіз рұқсаттарға тосқауыл қоятын болады. Рұқсаттар мен хабарламалардың сыныптарға және қауіптілік санаттарына бөлінген толық тізбесі Заңның негізгі құралы болып табылады.Заңды қабылдағаннан кейін мемлекеттік органдар өз бетінше жаңа рұқсаттарды енгізе алмайды. Ол үшін олар рұқсаттарды енгізу қажеттілігін дәлелдеп, кәсіпкерлер үшін экономикалық салдарды есептеп, одан кейін ғана рұқсат Заңда енгізіледі»-деді Б. Бекешев.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері жөнінде Заң жобасы әзірленетін болады, онда: тәуекелдерді бағалау негізінде тексерулерді ұйымдастыруға көшу, сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін сақтандыру мүмкіндігін кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің баламасы ретінде енгізу; кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барсында тексеруге жататын талаптарды қысқарту; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тарату рәсімдерін жеңілдету; Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлін күшейту және басқа шаралар.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика