Ұлтаралық бірлік

Біз «Мәңгілік ел» идеясын қолдаймыз – «Вайнах» ҚҰ төрағасы С. Героев

Біз Президенттің «Мәңгілік ел» идеясын қолдаймыз, бұл біздің мақтан тұтатын ұлттық идеямыз, гүлденген мемлекетіміздің ұмтылар бағыты, деп «Вайнах» ҚҰ төрағасы С. Героев мәлімдеді.
Астана қаласы01 Наурыз , 13:30

«Қазақстан халқы Ассамблеясы осыдан 19 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамасымен құрылған болатын. Бұл қазақ халқының және өзге этностардың мәдениетін паш ететін құрылым болып ес ептеледі. Ассамблеяның аймақтардағы филиалдарының арқасында қоғамдық этнос өкілдері бір жерде бас қосқандықтан бір жеке тұтас дүниеге айналды. Бұл Ұлт көшбасшысының еңбегі», - деді С. Героев.

  Оның айтуынша, қысқа тарихи уақыт аралығында экономикалық , саясаттық, әлеуметтік жұмыс жүргізіліп, «Қазақстан жолы» даму пішіні туды. Бұл барлық елге үлгі ретінде жоғары бағаланады.

«Шынымен де, біз қазақстандықтар бір халықпыз. Біз Президенттің «Мәңгілік ел» идеясын қолдаймыз. Тәуелсіздік жылдары әрбір этнос үшін қолайлы жағдай жасалып, олардың дамуына тамаша мүмкіндік жасалды», -деді С. Героев.

Қоғам қайраткері атап өткендей, бүгін Астанада шешен –ингуш ансамблі жұмыс істейді, шешен биін, салт дәстүрін дәріптейтін спорттық клуб та бар. Кәсіпкерлер бастамасымен Кунта Қажы  атындағы мешіт те тұрғызылды.

«Вайнах» ҚҰ өкілдері қоғамдық –саяси өмірге белсенді араласады. 




Яндекс.Метрика