Ұлтаралық бірлік

Президент қазақстандықтардың басын ҚХА қоғамдық институтында біріктірді – Р. Әбдулхалықов

ҚР- да жүздеген сенімді адамдарды ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясына қоғамдық институтында біріктірді. Бұл тек қана азаматтар ғана емес, халық міндет артқан жееткшілер, деп «Қазақстанның татар башқұрт қауымдастығы» атқарушы комитеттің төрағасы Ринат Әбдулхалықоа мәлімдеді.
Астана қаласы01 Наурыз , 13:00

«Өткен жылдың аяғында мен Қостанайда болдым, өте ауыр жағдай орын алған еді, «Дослық» башқұрт орталығының төрағасы Мухсинова Закия Гарифовнаны ақтық сапарға шығарып салдық. Барлық қала жиналды, адамдардың айтуынша, олар ұлтының салтын ұмытуға таяғанда татар башқұрт қауымдастығы құрылып, бізді шет шеттен жинап, осы жылдар аралығында облыстағы орталықтардың үздігіне енді. Бұндай рухы биік адамдар Қазақстанда жетерлік, олардың басын Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясында қосты»- деді Р. Әбдулхалықов.

Оның айтуынша, «Қазақстанның татар башқұрт қауымдастығы»  Ассамблеяның барлық жұмыстарына белсенді араласады.

«Біз олардың куәгері ғана емес, этникааралық бірліктің ұйытқысына айналуымыз тиіс. Қоғамға зиянын тигізетін ағымдарды бірден әшкерелеп олардың жойылуына себеп жасауымыз қажет. Біздің этникалық ұйым мақсаты бұл адамдарға басты сенімділік, жауапкершілік, аяушылық қасиеттерді жеткізу. Бізде жұмыс атқару үшін мемлекет қолдауы, этностардың қызығушылық танытуы бар» - Р. Әбдулхалықов.

Біздің қоғамның қарым қатынасы  басты екі бағытпен жүзеге асады, деді ол.

«Мемлекет позициясы ол ҚР Конституциясы, біздің ішкі жан дүниеміз өміріміздің жақсаруына септігін тигізеді. Әрбір ұлт өз аналарынан негіз алды, оны басқа ұлттардікімен тең қойып одан әрі жалғастыру бұл үлкен бақыт», -деді Р. Әбдулхалықов. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика