Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2014 жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кемінде 5 мың жаңа жұмыс орны ашылады – Б.Байбек

2014 жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кемінде 5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауда айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сай мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының селекторлы отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
Астана қаласы01 Наурыз , 12:35

«Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың шын мәнінде қалай өмір сүру керетігін көрсетуіміз керек. Жұмыспен қамтуға келер болсақ, жыл соңына дейін жаңа 5 мың жұмыс орнын ашамыз. Еңбек және халықты әлеметтік қорғау министрлігі мен әкімдіктердің мәліметінше, 7 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бір айдың ішінде біз 1200 мүгедекке жұмыс тауып бердік. Біздің ойымызша, өзіміздің орталық аппаратта нақты тізім, телефон нөмірлерін алып, әрбір мүмкіндігі шектеулі жанның жұмысқа орналасуын жеке-жеке қадағалаймыз», - дейді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, Тараз бен Павлодарда өткен жұмыспен қамту жәрмеңкесінде 500 мүмкіндігі шектеулі жан екі қолға бір күрек тапқан.

«Жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен 440 еңбек жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл өте маңызды. Мен осынау жәрмеңкелерден жұмыс тауып жатқан мүгедектерді өз көзіммен көрдім», - дейді Б.Байбек.




Яндекс.Метрика