Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Б. Байбек: ҚР – да 117 мың мүгедек жұмысқа қабілетті жаста

Қазақстанда 117 мың мүгедек жұмысқа қабілетті жаста. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауда айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сай мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының селекторлы отырысында партия төрағасы Бауыржан Байбек хабарлады.
Астана қаласы01 Наурыз , 12:30

«Бүгін бізде 620 мың мүгедек бар, оның ішінде  400 мыңы еңбекке қабілетті жағдайда. Біз бүгінде  20 пайызы, яғни  83 мыңы жұмыс істейді. Бұл жәй жұмыстар емес, әлеуметтік жәрдемақы төленетін жұмыс», - деді Б. Байбек.

Оның атуынша, 117 мың мүгедек өз қызметін жүзеге асыра алады.

« «Нұр Отан» фракциясы Мәжілісте әлеуметтік сұраным өткізген болатынбыз, бүгін 117 мың мүгедек жұмыс істей алады. Бұны партия ерекше қадағалауға алу керек. Бүгінде біз жоба аясында бірнеше бағытты қарастырудамыз. Бұл : жұмыспен қамту, жайлы орта құру, инклюзивті оқытуды жүзеге асыру»-деді Б. Байбек. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика