Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келген мүгедектердің 55 % жұмысқа тұру мәселесін көтереді – Б.Байбек

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келген мүгедектердің 55 % жұмысқа тұру мәселесін көтереді. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауда айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сай мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының селекторлы отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
Астана қаласы01 Наурыз , 12:15

«Біздің міндеттемеміз барлық кедергілердің жою. Сол себепті де біз Мемлекет басшысының Қазақстанды халықаралық талаптарға сай, адамдардың өмір сүруіне ыңғайлы бірден бір мемлекет ету шараларын атқарудамыз. Жұмыс сапармен өңірлерді аралағанда мен Жамбыл, Павлодар облыстарында болып мүмкіндігі шектеулі жандардың жай-күйімен таныстым. Сонда байқағаным біздің мүгедек  жандар қоғамның қызу тірлігіне белсенді араласып, еңбекке тартылғысы келеді», - дейді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, тек бір айдың ішінде ғана партияның қоғамдық қабылдауына 10 мыңдай мүмкіндігі ешктеулі жан келген.

«Қоғамдық қабылдауда айтылған өтініштердің 2 мыңы қазір бақылауға алынып, шаралар атқарылуда. Сараптамаға сүйенсек,қоғамдық қабылдауына келген мүгелектердің 55 % жұмысқа тұру мәселесін көтереді. Демек мүмкіндігі шектеулі жандар қатардан қалмай қоғам мен мемлекетке өз үлестерін қосқылары келеді. Осы тұрғыда партиямыз аталмыш бағыттағы жұмыстарды жандандыра түспек», - деді Б. Байбек.

 




Яндекс.Метрика