Үкімет

Үкімет басшысы Серік Ахметов мемлекеттік органдарға бюджетті сапалы игеруді тапсырды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен отырыста алдағы 3 жылдық кезеңге (2014-2016 ж) арналған республикалық бюджет жобасы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының (2014-2018 ж) болжамы қаралып, қолданды.
Казахстан28 Тамыз , 00:00

«Мемлекет басшысы тарапынан алдағы 3 жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы қолдау тапқаны өздеріңізге белгілі. Елбасы бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға және дер кезінде игеруге ерекше назар аудару қажеттігін атап айтты», деген С.Ахметов, мемлекет қаржысын жұмсауды, сондай-ақ оның игерілуін жауапкершілікпен бақылау қажеттігіне тоқталды. 

Бұл мәселе бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндама жасады. Ол болжамды параметрлердің «Стратегия-2020» даму бағдарламасын және Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді орындауға бағытталғанын атап өтті. 

Министр айтқандай, 2014-2018 жылдардағы экономиканың нақты өсімі 6,0-7,1% деңгейіне жетеді деп болжануда. Орта мерзімді кезеңде экономика өсімі индустриалдық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларға салынатын инвестиция көлемінің артуы есебінен, Қашаған кен орнында мұнай игерудің басталуы мен халық тұтынысының өсуімен қамтамасыз етіледі. Аталған кезеңде ішкі сұраныс орташа 7,5% қарқынмен өсетін болады. 

«Номиналдық ІЖӨ 2014 жылы 38,6 трлн.-нан 2018 жылы 65,9 трлн. теңгеге дейін өседі деп болжануда. ІЖӨ жан басына шаққанда 2014 жылы 14,6 мың. АҚШ долларын құрайды, және 2018 жылға қарай 24 мың. АҚШ долларына дейін өседі, жылдық инфляция деңгейі 2014-2018 жылдары 6,0-8,0% шегінде болады»,-деді Е.Досаев. 

Орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық басымдықтардың қатарында, министр, макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты, экономиканың тиімділігі мен бәсекелестікке қаблеттілігін арттыруды, әлеуметтік жаңғыруды, өңірлік дамуды, тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруды, халықаралық интеграция мен өзара іс-қимылды дамытуды атады. 

Е.Досаев сондай-ақ 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттің макроэкономикалық болжамы негізінде жасалған бюджеттік блоктың бірқатар құжаттарын таныстырды. «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында ҮИИДМБ, Бизнестің жол картасы, Жұмыспен қамту жол картасы, «Агробизнес-2020» бағдарламаларын одан әрі дамыту қарастырылған.

«Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қабылдаған барлық әлеуметтік міндеттемелер қаржылай қамтамасыз етіліп және денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қаржыландырудың ашық нұсқасына көшу жалғастырылды»,-деді Е.Досаев. 

Министр сонымен қатар «ҚР Ұлттық қордың 2014-2016 жылдарға арналған кепілді трансферттері туралы», «2014-2016 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы , республикалық маңыздағы қалалар, мемлекет астанасы арасындағы жалпы трансферттердің көлемі туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сияқты бюджеттік заң жобаларының жайы туралы хабарлады. Бюджеттік блок құжаттарының қатарында министр ҚР Президентінің «ҚР ұлттық қордың 2014 жылға арналған мақсатты трансферті туралы» Жарлығының жобасын атады. 
Е.Досаевтың айтуынша, бюджеттік қаржы толық игерілген жағдайда бюджеттік бағдарламалардың тиісті нәтижелерге қол жеткізе алмауына бюджеттік бағдарламалар әкімдігінің бірінші басшысының жауапкершілігі мәселесін енгізу ұсынылған. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен минималды көлемнен төмен қаржы бөлінген жағдайда, заңмен белгіленген жалпы сипаттағы трансферттер, сондай-ақ жете қаржыландырмау соммасының жоғары тұрған бюджетке міндетті қайтарылмауы жағдайында әкімдердің жауапкершіліктері белгіленуде. 

Министр атап өткендей, «мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының рөлін арттыру үшін Парламентте республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралған кезде жобалардың бірінші басшысының стратегиялық жоспарларды қорғауы мәселесі қарастырылуда». 

Мәселені талқылау соңында, «үшжылдық бюджет және 2014 жылғы бюджет министрліктер, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының базасында қалыптасты», деген Үкімет басшысы «негізгі құжат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы, бағдарламалық құжаттарындағы және «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген тапсырмалары болып табылады»,-деп атап көрсетті. 

«Бюджеттік заң жобалары Парламентте пысықталғанынан соң, оны Мемлекет басшысы бекіткеннен кейін Үкіметтің басты міндеті нәтижеге бағытталған бюджетті сапалы атқару болып табылады»,-деп қортындылады Премьер-Министр. Үкімет басшысы сондай-ақ Премьер-Министрдің Кеңсесіне, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп көрсетілген заң жобаларын қол қоюға дайындап, белгіленген тәртіппен Парламентке, ал ҚР Президенті Жарлығының жобасын ҚР Президенті Әкімшілігіне енгізуді тапсырды.
 




Яндекс.Метрика