Басқару

Соңғы жылдары «Нұр Отан» партиясына 800 мың қазақстандық жүгінді –Б. Байбек

Соңғы жылдары «Нұр Отан» партиясына 800 мың қазақстандық жүгінді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясында өткен республикалық қоғамдық қабылдау мекемесінде Мемлекет басшысының мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайын жақсарту бойынша өткен селекторлық отырыста Партия төрағасы Бауыржан Байбек хабарлады.
Астана қаласы01 Наурыз , 11:55

«Біз бүгін 15 жыл аралығында халықпен бірге барлық қиындықты артта қалдырдық, қазақстандықтардың жетістігі мен проблемалары  тікелей «Нұр Отан» партиясының қызметімен байланысты. «Нұр Отан» бұл қазақстандықтардың үлкен сенім  артатын партиясы. Соңғы жылдары біздің қабылдау бөлімге 800 мың қазақстандық келді»,- деді Б. Байбек.

 Оның айтуынша, өткен сайлауларда партия 81 пайыз жинады, Мәжілістегі 98 орынның ішінде 83 орынды иеленіп отыр.

«Біздің партия – біріншілік партиялық ұйымдар, бұл 6,5 мың ұйым бар. «Нұр Отан» партиясының негізгі жетістігінің бірі мемлекеттік қолдау болып табылады, соның арқасында ол тәуелсіз болып есептеледі. Партияның басты идеясы қазақстандықтардың жыл сайын әл ауқатының жақсаруы»,- деді Б. Байбек. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика