Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Химия өнеркәсібінің қазақстандық негізгі 4 кәсіпкерлігінде мүмкіндігі шектеулі 70 шақты адам жұмыс істейді – Ә.Исекешев

Бүгінгі таңда химия өнеркәсібінің қазақстандық негізгі 4 кәсіпкерлігінде мүмкіндігі шектеулі 70 шақты адам жұмыс істейді. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауда айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сай мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының селекторлы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
Астана қаласы01 Наурыз , 11:45

«Қазіргі таңда өнеркәсіптік кәсіпкерліктерде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алу кеңінен етек  алып келеді. Атап айтар болсақ біздің химия және экологиялық өнеркәсіптерде осы үрдіс қалыптасқан. Химия өнеркәсібінің қазақстандық негізгі 4 кәсіпкерлігінде мүмкіндігі шектеулі небары 74 адам ғана жұмыс істейді. Негізгі жалпы жұмыс орны саны мұнда 9,5 мыңды құрайды. Металлурияда бұл көрсеткіш 219 болса, Қазақмыс бойынша шамамен 700 мың», - дейді министр.

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың негізгі әлеуеті қызмет көрсету, сауда, көлік және құрылыс салаларында етек жайған. Салалық өнеркәсіптердің ішінде негізгі үлес жеңіл өнеркәсіпке тиесілі. Шамамен 800 мүмкіндігі шектеулі жан шағын және орта кәсіпкерлікте қызмет етуде.

«Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуы жергілікті атқарушы органдардың заңы бойыгнша жүзеге асырылады. Индустрияландыру бағдарламасы аясында 4 жыл ішінде кәсіпкерліктерде 67 мың жаңа жұмыс орны ашылса, ШОБ-те бұл көрсеткіш 150 мыңды құрайды», - дейді Үкімет басшысының орынбасары.

Өткен жылдың өзіне ғана құрылыс нысандарын салу кезінде 78 мың адам ат салысқан. Вице-премьердің айтуынша, бұл жұмыстарды ары қарай жалғастыра беру керек. 




Яндекс.Метрика