Ұлтаралық бірлік

Бейбітшілік, төзімділік пен мейірімділік – ҚХА еңбегі – Ю.Денисенко

Бейбітшілік, төзімділік пен мейірімділік – Қазақстан халқы Ассамблеясының еңбегі, дейді «Сарапшы-2050» қоғамдық қорының президенті, өзге діни ағымдарға көмек көрсету орталығы қауымдастығының президенті Юлия Денисенко.
Астана қаласы01 Наурыз , 11:30

«Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық институт аталуы тегін емес. Қазіргі таңда ҚР Парламентінің 9 депутаты Ассамблея құрамында. Жұмыс істеген 9 жыл ішінде біз үлкен шараларды қолға алдық. Біз бір елдің, бір жердің ұрпағымыз», - дейді Ю.Денисенко.

Оның айтуынша, бұндай институтты құру әу бастан ұтымды бастама еді.

«Президент Ассамблеяға конституциялық атақ берді. Бұнда 100 ұлттың басы біріктіріліп, барлық Қазақстан бір шаңырақ астында топтасты. Екінің бірі мұндай жетістікке жеткен емес. Бұл Қазақстанды бейбітшілік, толеранттылық пен мейірбандықтың отаны етеді. Біз осынау институтты қолдап, ары қарай нығайта түсуіміз керек. Бұл тек Ассамблея мүшелерінің ғана емес, барлық қазақстандықтың мойнында», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік,  наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қаулыға қол қойғанына ура 19 жыл толды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика