Адамзаттық капитал

«Нұр Отан» құрылғаннан бері билік пен халықтың арасындағы алтын көпір бола білді – А. Мұсаханов

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында партияның 15 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өтті. Аталмыш жиында Алматы облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Аңсар Мұсаханов партияластарын атаулы күнмен құттықтады.
Алматы01 Наурыз , 11:00

« «Нұр Отан» өзі құрылғаннан бері билік пен халықтың арасындағы алтын көпір, дәнекер бола білді. Соның нәтижесінде, ел сеніміне ие болды. Елбасының жетекшілігімен Қазақстан халқы ауызбірлігі берік қоғам және даму динамикасы жоғары, экономикасы әлеуетті мемлекет құрды. Президенттің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы елді өркендетуге, әр тұрғынның әл-ауқатын жақсартуға негізделген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы арқылы еліміздің және әр қазақстандық тағдырының жаңа қырын айқындады. Мемлекет басшысы осы Жолдаудағы негізгі бағыттарды тұрғындарға түсіндіру, насихаттау және оны орындау мақсатындағы атқарылатын істердің көшбасшылығын «Нұр Отан» партиясына жүктеді», - дей келе аймақ басшысы партияның атқарған және алдағы уақытта жүзеге асырар жұмыстары жайында сөз етті.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қаржыландыру көлемі жылдан жылға артып, әлеуметтік маңызы бар жаңа нысандар салынуда, қоғамның әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдау саясаты дәйекті түрде жүргізілуде. Мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігі жетілдіріліп, жергілікті өзін-өзі басқару саласында бірқатар шаралар іске асырылды.

 Мерекелік шарада партия қатарына өтуге тілек білдірген азаматтарға салтанатты түрде партиялық куәліктер табыс етілсе, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген партия белсенділері мен ардагерлері «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» Партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан бірқатар ардагерге «Нұр Отан» партиясының төсбелгісі және Алғыс хат пен Құрмет грамоталары табысталды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика