Кедендік одақ

Ақмола облысының делегациясы Беларусь еліне барды

Өңір басшысы Қосман Айтмұхаметов бастаған Ақмола облысының делегациясы Беларусь Республикасына барды.
Ақмола01 Наурыз , 10:30

Сапар барысында Ақмола облысы делегациясы Гродненский облысында болып, өңірдегі түрлі салалар бойынша жұмыстармен танысып, әріптестікті нығайта түсу мәселелерін қарастырды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бәрінен бұрын делегацияны қызықтырғаны ауыл шаруашылығы саласы болды.

«Бүгінде Ақмола және Гродненский облыстары бірқатар салаларда ұқсастықтарға ие. Қазіргі таңда біз ауыл шаруашылығына баса назар аударудамыз. Бірқатар бағыттарда Гродненский облысы біз үшін үлгі болмақ», - деді Қ.Айтмұхаметов.

Беларустар жерлестерімізбен бірқатар жаңа технологияларымен бөлісіп, Гродненский облысы фермаларына енгізген заманауи қондырғыларды таныстырды.

Ақмолалықтардың назарын аударған тағы бір жаңалық ТКШ мен агроқалашықтар болды.

Гродненский облысы губернаторымен кездесуінде Ақмола облысы әкімі Қосман Айтмұхаметов Қазақстанда бюджеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы кең көлемде қанат жайып жатқанын айтып, 2020 жылға дейін шамамен 2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын мәлімдеді. Ақмола облысы индустриялды секторда да белсенді қызмет етуде. Бай жер қойнауын игеруде заманауи технологияларды пайдалану арқылы өнім өндіру кәсіпкерліктерін құруға көптеп қаржы бөлуде. Туристік саланың да соңғы жылдары тасы өрге домалап тұр. Осының барлығы Белорусьпен әріптестікте өз жемісін бермек.

Өз кезегінде губернатор Владимир Кравцов өңірлерінің дамуының басым бағыттарымен бөлісіп, екі өңір арасында ынтымақтастық құруға мүдделі екенін жеткізді. Гродненский облысының біздің елдің астық өніміне деген сұранысы бар екенін де алға тартты.

Келіссөз барысында тараптар жыл сайын 7-8 мың тонна астықты Ақмола облысынан Гродненский облысына тасу туралы келісімге келді.

Кездесу қорытындысында тараптар ауыл шаруашылығы саласында Меморандумға қол қойды. Сапар барысында әкім бұлардан бөлек ауыл шаруашылығы нысандарын, құрылыс, тұрғңын үй коммуналдық шаруашылығы, мен кәсіпкерліктер нысанының жұмысымен танысты.




Дерекнама

Яндекс.Метрика