Өңірлер

ҚР Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев Ақмола облысына барды

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамымен Ақмола облысына барды.
Ақмола01 Наурыз , 09:00

ӨДМ хабарлағандай, министрді облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов қолданыстағы өнеркәсіптік және салынып жатқан объектілермен таныстырды. Сонымен, Болат Жәмішев «Регион строй» ЖШС-ның үй салу комбинатын қарап, одан кейін «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымымен танысты, сонымен қатар сумен жабдықтау және су бұру жүйесін реконструкциялаудың ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты тыңдады.

Бағдарламаның басты іс-шарасы Министрдің өңірге келуінің А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттермен кездесуі болды. 

Б.Жәмішев өзінің сөз сөйлеуінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары мен мемлекет алдына қойылған жаңа міндеттерге тоқталып өтті. 

Сондай-ақ министр агроөнеркәсіп кешеніне инновацияларды енгізу туралы, агломерацияларды құру және дамыту, көлік инфрақұрылымын дамыту, білім беру жүйесі, мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру туралы айтып өтті.

«Кездесу барысында Министр Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау мәселелеріне басты назар аударды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру туралы, әзірленген Кәсіпкерлік қызметті 2020 жылға дейін мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының жобасы туралы айтып өтті», - деп атап өтілген хабарламада.

Сонымен қатар, сапар барысында Б.Жәмішев Көкшетау қаласының белсенділерімен, мемлекеттік мекемелердің басшыларымен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, қаланың құрметті тұрғындарымен кездесті. 

 




Яндекс.Метрика