Ұлтаралық бірлік

ҚХА – Қазақстанның әрбір ұлтының мәдениеті, салты мен дәстүрін дамытуға серпін беретін құрылым – А.Құсайынова

ҚХА – Қазақстанның әрбір халқының мәдениеті, салты мен дәстүрін дамытуға серпін беретін құрылым, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Априза Құсайынов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы01 Наурыз , 10:00

«Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси аренасында өте ірі ұйым болып табылады. ҚХА-да Қазақстан халықтары арасында достастық пен бейбітшілікті орнатуда ауқымды шаралар қолға алынады. Мұндағы әрбір этномәдени орталық ҚХА құрамына енеді. Олар мемлекттік тілге үлкен құрмет көрсете отырып өздерінің салттарын да ұмыт қалдырмайды», - дейді А.Құсайынова.

А.Құсайынованың айтуынша, ҚХА – Қазақстанның әрбір халқының мәдниеті, салты мен дәстүрін дамытуға серпін беретін құрылым. Осы арқылы Қазақстанның әрбір ұлт өкілі күнделікті өмірлерінде өздерінің салт дәстүрін еркін ұстанып, тілі мен мәдениетін насихаттай алады.

«Бір қуаныштысы, ҚХА өкілінің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болуы. Ол кісінің ел ішін былай қойғанда шет елдерде де беделі жоғары. Біздің Президентіміздің қуаттылығы сонда, ол кісінің елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, еліміздегі ұлт өкілдерінің достастығының негізіне айналдырды. Елбасының айтқан әрбір сөзі халықтар достығына бағытталған», - дейді. 




Яндекс.Метрика