Кедендік одақ

КО жұмыс істегелі сауда айналымы өсті – Т. Жақсылықов

Кедендік Одақтың жұмыс істеуінен бастап, сауда айналымының өсуі мен оң жетістіктер байқалды. Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов ведомствоның кеңейтілген отырыснда хабарлады.
Астана қаласы28 Ақпан , 18:30

«Кедендік Одақтың жұмыс істеуінен бастап, сауда айналымының өсуі мен оң жетістіктер байқалды. 2012 жылы 2009 жылмен салыстырғанда Қазақстанның  КО елдерімен сауда айналымы 12,9 млрд доллардан 24,6 млрд долларға дейін жетті. Оған қоса елдің экспорт айналымы 2012 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көбейіп, 4 млрд долларды құрайды. Қорытындысында өңделген тауарлардың КО экспортқа жіберілуі 2,5 есеге, яғни 105 пайыздан 59 пайызға дейін көтерілген болатын», - деді ол.

 Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, 2014 жылдан бастап әріптес елдер мемлекеттік сатып алу нарығының ұлттық тәртібін Қазақстанға таныстырды. Бұл қазақстандық тасымалдаушыларға Ресей мен Беларусьте ресейлік және беларусьтік тамсыладаушылармен теңдей дәрежеде мемлекттік және муниципиалды сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді.

Әріптес елдердің мемлекеттік сатып алу нарығы көлемі 2012 жылы шамамен 200 млрд құрады. Салыстыру үшін айта кетейік, Қазақстанның мемлекеттік сатып алу нарығы шамамен 7,6 млрд долларды құраған. Осылайша әроіптес елдер нарығы отандық нарықтан 26 есе үлкен болып отыр», - деді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика