Евразиялық одақ

Қазіргі таңда ЕЭО құру бойынша келіссөздер белсенді жүріп жатыр - Т.Жақсылықов

Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақты құру бойынша келіссөздер белсенді жүріп жатыр, деп экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов ведомствоның кеңейтілген отырысында мәлім етті.
Астана қаласы28 Ақпан , 18:15

«КО және ЕЭК аясында интеграциялық процестерді дамыту мақсатында қазіргі таңда белсенді түрде Евразиялық экономикалық одақ құру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ол осы ағымдағы жылдың мамыр айында Астанада құрылады және оған қол қойылады деп жоспарланған», - деді Т. Жақсылықов.

Вице-министрдің айтуынша, аталмыш жұмыс экономикалық ерекшеліктер, қабылданып жатқан шаралар, прагматизм мен өзара тиімділік ұстанымдары негізінде қазақстандық мүддемен сай түрде жүргізілуде.

«Қазақстан үшін интеграциялық процестердің маңызды мақсаты ретінде БЭК аясында жоғары технологиялық өндірістік, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік инфрақұрылымды құру болып табылады», - деді.




Яндекс.Метрика