Басқару

С.Ахметов ҚР ЭБЖМ-не заманауи сараптамалық құрылым құру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды

Серік Ахметов бүгін алқа мәжілісінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне заманауи сараптамалық құрылым құру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.
Астана қаласы28 Ақпан , 18:00

«Министрлік үшін сараптаманың орны зор. Біздің министрліктің сараптамалық жұмысын күшейтуіміз керек. Мемлекет басшысы Қазақстан айналасында қалыптасып жатқан жағдайды сараптайтын министрліктің жанында қуатты экономика институтын құру туралы бастаманы қолдады. Бұл әлемдік экономика және сауда-экономикалық интеграциядағы біздің жақын әріптестеріміз», - деді Үкімет басшысы.  

Осыған орай, Үкімет басшысы министрлікке заманауи сараптамалық құрылым құру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қашаған кен орнындағы өндіру жұмыстарының тоқтатылғанына қарамастан биылғы жылғы Қазақстандағы мұнай өндіру жоспары орындалады.

«Мұнай өндіру жұмыстары бірқатар құрылғылардың, соның ішінде труба құрылғылары шыдай алмай, бүгінде аталмыш жұмыстар тоқтатылған. Менің пікірімше, бұл екінші жартыжылдықта шешімін табатын болады. Биыл біздің жоспар бойынша, 3 млн тонна өндіреміз», - деді Үкімет басшысы.




Яндекс.Метрика