Өңірлер

ҚР ЭБЖМ 2014 жылы МЖӘ саласы бойынша жаңа заңнамалық өзгертулерді іс жүзінде қолдана бастайды - Е.Досаев

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік жеке әріптестік саласы бойынша жаңа заңнамалық өзгертулерді іс жүзінде қолдана бастайды, деп ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Ерболат Досаев хабарлады.
Астана қаласы28 Ақпан , 17:45

«Ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік жеке әріптестік саласы бойынша өткен жылы енгізілген жаңа заңнамалық өзгертулер іс жүзінде қолданыла бастайды», - деді Е.Досаев.

Бұдан басқа, Министрлік инвестиция тарту бойынша іс-шаралар жоспарын жасақтауда, оның аясында заңнамалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, визасыз режимді енгізу, шетелдің еңбек күшін тарту шарттарын оңтайландыру шаралары көзделген. 

«Іс-шаралар жоспары Үкіметке ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін жіберіледі. Қазақстанның 2014 жылғы экономиканың өсімі ішкі сұраныс пен экспорттың сыртқы факторын жақсарту болады», - деп ол толықтырды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика