Өңірлер

Кәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізу кәсіпкерліктің дамуына оң ықпалын тигізеді –А.Әміртаев кәсіпкер

Кәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізу кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал етеді, деп мәлімдеді «System Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Азаматхан Әміртаев Strategy2050.kz агенттігі тілшісіне берген сұхбатында.
Астана қаласы28 Ақпан , 17:26

«Кәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізу кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал етеді. Өз кәсіпкерліктерін ашуға мүдделі кейбір азаматтарды артқа тартатыны бизнесті тексеру шаралары. Менің есебімше, азаматтардың 90 пайызы кәсіпкерлікке жауапты болып, жаңа бизнесті бастауға құлықсыз. Олардың барлығының жалғыз уайымы құзіретті органдардың тексерісі. Аталмыш мораторийді енгізсек, кәсіпкерлікке мүдделі тұлғалар батыл түрде өз істерін дөңгелетіп әкетуге мүмкіндік алар еді. 90-ыншы жылдардан бастап бизнес қысымнан көз ашқан емес. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік туралы болымсыз ой қалыптастырды», - дейді А.Әміртаев.

Оның айтуынша, Президенттің мораторий енгізу туралы шешімі адамдарды кәсіпкерлікке ынталандырып, қоғамдық ойдың да оңалуына жағдай жасамақ.

«Тексеріс – кәсіпкерлік үшін өте ауыр жағдай. Өзімнің өмірімнен мысал келтіретін болсам, мемлекеттік органдар кәсіпкерлікті тексере келіп заңсыздықтарға барады. Біздің Президентіміз елімізде қалыптасқан осынау келеңсіздікті дер кезінде түсіне біліп, шара қолдануға шақыруда.Қазірде кәсіпкерлер мемлекеттің қамқорлығын сезіне түсуде. Біз де өз ісімізді ашуға мүмкіндік алып отырмыз», - дейді кәсіпкер.




Яндекс.Метрика