Өңірлер

Астанада ШОБ құрылыс саласында рұқсат беру рәсімін оңтайландыру бойынша жұмыс тобы құрылды

Астанада ШОБ құрылыс саласы бойынша рұқсат беру рәсімін оңтайландыру бойынша жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжітов мәлім етті.
Астана қаласы28 Ақпан , 17:15

«Астана қаласы кәсіпкерлері палатасының қызметі аясында біз қалалық  әкімдікке өзінің рұқсат беру жүйесін оңтайландыру бойынша жұмыс тобын құруды ұсындық. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың қатысуымен, бизнес қауымдастығы және экспорт кеңесінің қатысуымен жұмыс тобы өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда біз көңілімізді негізгі пункттер мен экономикалық секторға аударудамыз. Бұл құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімі болып табылады. Біз осы салаға ревизия жасау бойынша көп іс атқарғанымызды байқап отырмыз. Жыл соңына дейін біз құрылыс секторындағы кәсіпкерлер үшін рұқсат алу бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземіз», - деді М. Мәжітов.

Оның айтуынша, астаналық Палата «Кәсіпкерлік сағат» жобасы іске қосты, онда рұқсат беру жүйесі бойынша құрылымдық диолог жүргізіледі.

«Кәсіпкерлер рұқсат беру жүйесі бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын мемлекеттік органдарға қояды.  Біз тоқсандық жұмыс жоспарын уәкілетті органдармен бірігіп бекіттік және 9 мемлекеттік орган бұл мәселемен айналысатын болады. 27 кездесу 1 тоқсанға бекітілген, олар архитектура, құрылысы басқарламаларының және жер комитетінің, білім, кәсіпкерлік басқармасының өкілдері», - дейді М. Мәжітов.

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры осы бөлімдердің басшылары кәсіпкерлерді толғандырған барлық сұрақтарға жауап береді, деп сендірді. 




Яндекс.Метрика