Өңірлер

ҚР ЭБЖМ 2014 жылдың I маусымында Жекешелендірудің кешенді жоспарын Үкімет қарауына ұсынады – Е.Досаев

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2014 жылдың I маусымында 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын Үкімет қарауына ұсынады, деп мәлімдеді ведомство басшысы Ерболат Досаев Үкімет басшысы Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Астана қаласы28 Ақпан , 17:09

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты тапсырма берді – мемлекеттік қатысуымен барлық деңгейдегі компанияларға сараптама жасау, жеке секторға берілуі тиіс кәсіпкерліктердің тізімін шығару және оны жекешелендіру. Министрлік 2014 жылдың I маусымында 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын Үкімет қарауына ұсынады», - деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, жоспарда мемлекеттік автивтерді тиімді басқаруды арттыруға бағытталған шаралар қарастырылған.

«Атап айтар болсақ, Yellow Pages Rules ұстанымдарына сай, мемлекеттік меншік құрылымдарын оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі, жеке секторларды қамтитын салалардағы мемлекеттік қатысуын шектеу мен жекешелендіру жұмыстары жанданады», - дейді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, «Халықтық IPO» бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында «Самұрық-Қазына» Қоры тобына кіретін ұлттық компаниялардыIPO-ға шығаруға кедергі келтіретін заңнамалық кедергілерді жою жұмыстары атқарылады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика