Өңірлер

ҚР-ның жаңартылған Салық Кодексі Парламентке 2014 жылдың қыркүйегінде енеді – Е. Досаев

Салық Кодексіне енген өзгерістер Парламентке 2014 жылдың қыркүйегінде жіберіледі. Бұл туралы бүгін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді.
Астана қаласы28 Ақпан , 16:52

«Салық саясатын жетілдіру аясында оның тиімділігін арттыру мақсатында министрлік салықтық жеңілдіктер тексерісін шығарған болатын. Салықтық кодексте 1,3 трлн теңгенің 281 жеңілдігі қарастырылған. Қорытынды бойынша, Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар талқыланды», - деді Е. Досаев.

Ведомство басшысы атап өткендей, заң жобасы Парламентке ағымдағы жылдың қыркүйек айында енеді.

Сондай-ақ, отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ауыл шаруашылығының салықтық субъектісіне өзгеріс енеді.

«Аталмыш өзгерістердің Тұжырымдамасы отандық ауыл шаруашылығының өндірушілерін қолдау болып табылады, ауыл және фермерлік шаруашылықтарының салық жүйесін жеңілдету, ауыл шаруашылығындағы жерлердің тиімді қолданылуы қарастырылады», - деді Е. Досаев. 




Яндекс.Метрика