Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

ҚР ЭБЖМ Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасақтауда - Е.Досаев

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасақтауда, деп ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті.
Астана қаласы28 Ақпан , 16:31

«Ағымдағы жылдың қаңтар айында Елбасы дамыған 30 елдің қатарына ену бойынша концепцияны бекітті. Концепция бойынша іс-шаралар 2020 жылдарға дейін жоспарланды. Қазіргі таңда ол мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр, ал 2014 жылдың наурыз айында Үкіметке бекіту үшін жіберілетін болады»,- деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, ведомство ел экономикасының тұрақты дамуы үшін салааралық үйлесімге көбірек ден қояды.

Сонымен қатар, ведомство басшысы ағымдағы жылы ЖІӨ 6% деңгейінен төмен болмауы керектігін еске салды.

«2015-2019 жылдарға арналған еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасақталады.  Қорды тұрақтандыру өнімін пайдалану арқылы тауар басқыншылығы бойынша жұмыс белсенді жүргізіледі. Ал, тарифтер өсімін болдырмас үшін 2014 жылдың инфляциясына тарифтер және реттелетін қызмет бағасына 1,2 көлемінде салым белгіленді. Сонымен қатар жаңа тарифтер мен реттелетін қызмет құнының жаңа бағасы 2014 жылдың мамыр айында бірақ енгізілетін болады»,- деп ол толықтырды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика