Ұлтаралық бірлік

Қазақстан халқы Ассамблеясымен ең беделді деген халықаралық ұйымдар санасады – О.Дымов

Қазақстан халқы Ассамблеясымен ең беделді деген халықаралық ұйымдар санасады, дейді Болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Олег Дымов.
Астана қаласы28 Ақпан , 16:20

«1995 жылдың 1-інші мамырында ҚР Президентінің ұсынысымен біздің қоғамымызда айтулы оқиға орын алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының дүниеге келуі ел ішінде шиеленісті жағдай орын алып, көшеде тәртіпсіздіктің белең алып, Парламенттің әлі құрылмай, оппозицияның күшейген кезінде біздің Ассамблея құрылды. Құрыла салып бірден екі референдум өткізу туралы бастама көтерді. Президент құзіретін созу мен жаңа Конституцияны қабылдау еді. Бұған барлық саяси қауымдастықтың 52 жетекшісі қол қойды», - дейді О.Дымов.

Оның айтуынша, осының арқасында еліміз қиын-қыстау заманнан аман-есен өте білді.

«Бүгін біз Ассамблеяның кезекті мерейтойын атап өткенде осы істің басы-қасында болып алғашқылардың бірі болған қайраткерлердің есімін елеусіз қалдыруға болмайды. Атап айтар болсақ олар: Марат Тәжин, Оралбай Әбдікәрімов, Серік Сейтіманов пен өзге де кісілер. Олар азаматтық институттың негізін тек теориялық тұрғыдан қалыптастырып қоймай, сонымен қатар оның бірінші сессиясын өткізу мен институтты құрудың негізін қалыптастырды», - дейді.

Сонымен қатар, О.Дымовтың айтуынша, Ассамблея қоғамдық өмірге ерекше әсер етті. Соның ішінде этномәдениет, этно білім беру арқылы қазақстандық өзге де институттармен тығыс байланыс құрды.

«Қазірде АҚШ-тан бастап Жапонияға дейінгі барлық елдер Ассамблеяны таниды. Қазақстан халқы Ассамблеясымен ең беделді деген халықаралық ұйымдар санасады», деп сөзін түйіндеді Болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Олег Дымов.




Дерекнама

Яндекс.Метрика