«Менің ойымша, мен Қазақстан намысын спортта ғана қорғамағандықтан міндетті түрде көрмеге барамын. Және спортпен айналысу үшін интеллектуалдық және рухани жағынан дайын болуымыз керек, яғни барлық жерде, барлық бағытта дамуымыз керек, әйтпесе ешқандай спорт та болмайды»,- деді Ильин.
«Экспо жайында менің ойыма келетін болсақ, бұл өте жақсы жаңалық. Біз өсіп, дамып, танымал болып келеміз. Басқа елдер Қазақстанды жақсы таниды. Және біз көп нәрсені үйрене аламыз. Президентіміз айтқандай, біз Экспоны өткізуден тек жақсы нәрсені алып, көрме арқылы әрі қарай қай бағытта дамитынымызды анықтауымыз керек», - деді спортшы.