Өңірлер

ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий жариялау демалуға мүмкіндік береді - З. Ноғайбай

ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий жариялау демалуға мүмкіндік береді, деп бүгін Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Заңғар Ноғайбай ОКҚ өткен брифингте мәлім етті.
Астана қаласы28 Ақпан , 16:00

«2015 жылдың 1 қаңтарына дейін кәсіпкерлерді тексеруге мороторий жариялау жоспарлы және жолпарланбаған тексерулерде демалуға мүмкіндік береді. Осы уақыт аралығында ҰКП Президенттің Жарлықта атап көрсеткен тапсырмаларын орындау бойынша барлық мемлекеттік органдармен жұмыс істеуге тура келеді. Бұл бірқатар маңызды заңнамаларды жасақтау болып табылады», - деді З. Ноғайбай.

Сонымен, оның айтуынша келесі қадам ол кәсіпкерлік климатты қалыптастыру бойынша «мемлекет-бизнес» үйлестіру жүйесінде қарым-қатынас орнату. 

«Қазір біз мемлекеттік органдармен және жасақтаушы Әділет министрлігімен бірлесіп жұмыс жасап жатқан Кәсіпкерлік кодексі ол ескертулер мен рұқсат беру бойынша жаңа заңжобасы болып табылады. Онда кәсіпкерлік саласындағы рұқсат беру жүйесіне қатысты қабылданып жатқан реттеушіні жаңа нормативті актілердің тиімділігі сараптау принціпі енгізілген», - З. Ноғайбай.




Яндекс.Метрика