Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Азаматтық қызметкерлердің еңбекақы төлемінің жаңа әдісі ұстаздар мен дәрігерлердің мәртебесін өсіреді – Г.Әлімбекова

Азаматтық қызметкерлердің еңбекақы төлемінің жаңа әдісі ұстаздар мен дәрігерлердің мәртебесін өсіреді, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі бақылау департементінің директоры Гүлнар Әлімбекова Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 28 Наурыз, 14:30

«Азаматтық қызметкерлердің еңбекақы төлемінің жаңа әдісін енгізу, біздің ойымызша, жеке сектор мен бюджеттік қызметкерлердің еңбекақы айырмашылығын айтарлықтай азайтпақ. Сонымен қатар, ол дәрігерлер мен ұстаздардың мәртебесін өсіреді», - дейді Г.Әлімбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында білім беру саласы қызметкерлерінің айлық жалақысы 29 пайызға, дәрігерлердікі 28 пайыз, тағы да өзге сала қызметкерлерінің айлық жалақысы 40 пайызға көтерілмек.

«Біз қазіргі таңда қандай жұмыстар атқарып жатырмыз? Біз бүгінде 22 мемлекеттік орталық органдардың жауапты мамандарын оқытып, азаматтық қызметкерлердің міндеттік реестрі жобасын нақтыладық, азаматтық қызметкерлердің міндеттік төлемне үстеме төлеу жүйесін оңтайландырдық. Енді мемлекеттік органдар желісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 5 наурызға дейін жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін оқытады», - дейді департамент директоры.

Оның айтуынша, оқытудан өткеннен кейін барлық орталық мемлекеттік органдар жергілікті атқарушы органдармен бірігіп 2015 жылға бюджет жобасын еенгізу үшін мемлекеттік бюджеттен бюджеттік қарадаттың қажеттілігін анықтауы керек.

«Сонымен қатар, министрлік қызметкерлері еңбекақы төлемінің жаңа жүйесін енгізу үшін нормативті-құқықтық актілерді дайындау жұмыстарын атқаруда. Бұл нормативті-құқықтық актілер барлық тиісті мемлекеттік органдардың келісімін алатын болады», - дейді Г.Әлімбекова.





Яндекс.Метрика