Ұлттың денсаулығы

Денсаулық сақтау жүйесі халықтың күткеніндей болуы керек – С.Қайырбекова

Денсаулық сақтау жүйесі шын мәніндегі халықтың күткеніндей болуы керек. Бұл туралы ҚР Президенті Жолдауының іске асырылу барысы жайлы республикалық кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.
Астана қаласы28 Ақпан , 15:20

«Денсаулық сақтау саласының алға қойған міндеттемелерін тиімді орындап отырсақ 2050 жылы республикадағы халық саны 26 млн-ға жетіп, бұндағы медицинаның рөлі үлкен болады. Денсаулық сақтаулың әрбір тармағы осыған өзінше үлес қосып, әрбір ауруханада адамдардың игілігіне жұмыс істеліп, еліміздің денсаулық сақтау саласының стратегиясы қалыптасады», - дейді министр.

Оның айтуынша, бүгінде министрліктің алдындағы басты міндеттемесі – медициналық көмекті қаржыландыру мен басқарудағы ұйымдардың ашық, нақты жүйесін қалыптастыру.

«Бұл 2050 Стратегиясында алға қойған тапсырмаларды іске асыру мақсатымен жұмыс істеуі керек. Жүйе халықтың шын мәніндегі күткенімен сай келуі керек. Мен төлем мен сапаны бақылау комитеттеріне мониторингті күшейтіп, соның ішінде сенім телефондарының маңызын арттыруды тапсырдым. Негізделген барлық шағымдар медициналық ұйымдар рейтингінде ескеріліп, экономикалық жағынан әсер ететін болады», - деп түйіндеді сөзін бас дәрігер.




Дерекнама

Яндекс.Метрика