Адами капитал

«Нұр Отан» партия қатарына салтанатты түрде қабылдау өткізді

15 жылдықты мерекелеу қарсаңында «Нұр Отанда» партия қатарына салтанатты түрде қабылдау өтті.
Казахстан28 Ақпан , 14:45

Бұл күні «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа үлгідегі партия билетін табыс етті. Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің президенті - Мақсұт Нәрікбаев, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі Комитеті төрағасы - Бейсенғали Тәжияқов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  Call орталығының 1 дәрежелі маманы (1 топтағы мүгедек) -Кристина Романова, Алматы облысы Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы -Асылы Осман, М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі -Аида Байгелова, Талдықорған ауыл шаруашылығының  ұстасы, интернационалист -жауынгер -Асхат Қасенов, «№6 Хромтау гимназиясының»  бейнелеу өнері мен сызу пәнінің мұғалімі -Абзал Құрманов, «Казхром» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты №1 ферроқорытпа пеші цехының көрікшісі - Алтынбек Асанов, Теміртаудағы Әлия Молдағұлова атындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп -интернатының дэюдодан спорт шебері -  Анна Старченко бар, деп партияның баспасөз қызметінде хабарлады.

«Партия төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  кешегі Жолдауында айтылған тарихи мәні зор «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ең басты саяси күш - «Нұр Отан» екеніне көзім жетті.

Осындай алдымыздағы ұлы мақсаттарды орындауда сіздермен әрқашан бірге болу үшін халықтың сеніміне, тәуелсіздіктің тірегіне айналған «Нұр Отан» партиясына өтуге  бел байладым», -  деді партия қатарына өткен  Алматы облысы Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы Асылы Осман.

 «Егер, еліміздің ең басты байлығы - біздің көпұлтты үйіміздің бейбітшілік пен келісім екенін айтатын болсақ, онда  сол бейбітшілік пен татулығымызды сақтап, нығайтуға атсалысып жүрген ұйымдардың бірден-бірегейі «Нұр Отан» партиясы. Сол себептен, партия қатарына кіру туралы ой туындап, үйдегі жанұя мүшелерімен ақылдаса отырып, шешім қабылдадым» деді партия қатарына өткендердің тағы бірі Талдықорған ауыл шаруашылығының  ұстасы, интернационалист -жауынгер -Асхат Қасенов. 

Жаңа үлгідегі партбилет пластикалық карточка іспеттес. Бет жағында партия билетінің нөмірі, аты-жөні және партияға кірген мерзімі көрсетілген. Сырт жағында партия билетінің құпия саны мен республика бойынша тегін хабарласуға болатын call-орталықтың телефоны  (2)597850 жазылған.

Жаңа партиялық билеттер бірыңғай электрондық мәліметтер базасына біріктіріледі, ол мәліметтерді сәйкестендіруге қолайлы, мекенжайыңды ауыстырғанда оңтайлы, есептілік жүргізуге ыңғайлы және  партия мүшелерімен қарым-қатынас жасауға жеңіл.

 

 

 




Яндекс.Метрика