Ұлттың денсаулығы

Н. Ахметова жаһандық бюджет тәртібіндегі ауылдағы медициналық мекемелердің қызметі туралы баяндады

Бүгін «Елбасы Н. Назарбаевтың» Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының жүзеге асуы» республикалық жиынында Премьер-Министрдің орынбасары Г. Әбдіхалықоваға БҚО Зеленков аудандық ауруханасының дәрігері Нәдия Ахметова жаһандық бюджет тәртібіндегі ауылдағы медициналық мекемелердің қызметі туралы баяндады.
Астана қаласы28 Ақпан , 14:03

«Жаһандық бюджеттің енуінен кейін, яғни 2013 жылдан бастап қаржыны қайта бағыттау мүмкіндігі туды, яғни АМСК бағытына негіз беру қажет. Сондай-ақ, стационарлық көмек пен технологияларды қолдану қолжетімділігін жоғалтпау қажет», - деді Н. Ахметова.

Оның айтуынша, ауруханада тәулік бойғы стационарды 9 пайызға қысқарту арқылы күндізгі стационар жұмысы 30 пайызға өсті.

«Коммуналдық-шаруашылық экономикасы қорының және дәрі шығыны мен өзге шығындар, еңбек өтілімімен қосқанда 2013 жылы біз 26 млн теңге төлеген болатынбыз. Осыған орай дәрігерлердің жалақысы 7,5 тен  12 пайызға дейін өсті», - деді Н. Ахметова.

Оның айтуынша, «сауықтырудың тиімді жұмысының арқасында біде аналардың өлім-жітімі азайды». «Ауданда қан айналым жүйесі бойынша өлім саны 42 пайызға, онкологиялық аурулардың жітімі 5 пайызға, турберкулезден 8 пайызға қысқарды, ал өлім-жітім бізде жоқ», - деді ол. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика