Ұлттың денсаулығы

Мемлекеттік медициналық көмекті құрайтын негізгі бөліктердің бірі халықтың әлеуметтік көңіл-күйі болып табылады - Г. Әбдіхалықова

Кепілдендірілген мемлекеттік медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыратын құрамдас бөлігі. Бұл туралы бүгін «ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы» республикалық жиналыста ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалыкова мәлім етті.
Астана қаласы28 Ақпан , 13:30

«Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттері қарапайым, олар өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, сонымен қатар ұзақмерзімді уақытқа қойған индикаторларымыз да бар. Осыған байланысты алдағы уақыттағы бағдарламалардың стратегиясын жасақтағанымыз жөн», - деді Г. Әбдіхалыкова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы екі жылдан кейін аяқталады. Сондай-ақ, оның нәтижесі жаман емес деп қорытынды шығаруға да болады. Бұған белгіленген индикаторларға кезең-кезеңімен қол жеткізу, яғни ана мен бала өлімінің төмендеуі және туберкулез ауруы көрсеткіштерінің жақсаруы дәлел бола алады.

««Саламатты Қазақстан» бағдарламасынан кейін халықтың денсаулығына әсер ететін факторларды басқаруға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Халықты көңілін денсаулығына бұруды қалыптастыру керек. Ол үшін тек сектор аралық күш қана емес, азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін сезіндіретін механизм қажет», - деп ҚР вице-премьері атап өтті.

Сонымен қатар, ол салауатты өмір салтынының мәселелері бойынша халықты барынша құлартандыру және түсіндіру жұмыстарына көбірек көңіл бөлінетінін тілге тиек етті.

«Үкімет жанынан менің басшылығымен мемлекеттік емес ұйымдарды үйлестіру Кеңесі құрылуда. Менің ойымша талқылынатын тақырыптардың бірі денсаулық сақтау болады», - деп ол толықтырды.




Яндекс.Метрика