Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанда 2015-2019 жылдарға арналған Минералды-шикізат кешенін дамыту бағдарламасы жасалады

2013 жылы Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған минералды-шикізат кешенін дамытудың салалық бағдарламасы жасалады, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев.
Казахстан05 Сәуір , 00:00


«2013 жылға Комитеттің негізгі мақсаты Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған минералды-шикізат кешенін дамытудың салалық бағдарламасын жасау болып табылады», - деді Б.Нұрабаев.
Аталған бағдарлама 2030 жылға дейін геологиялық саланы дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жасалады. 2015-2019 жылдарға арналған салалық бағдарламаның мазмұнына өңірлік, іздеу, іздеу-бағалау және іздеу-барлау сияқты 040 бағдарламасы бойынша бюджеттік жұмыстар енеді.  

Сонымен қатар, 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаға қосымша екі блок енгізу күтілуде, Комитет басшысының айтуынша, аталған блоктар бойынша жұмыстарды іске асыру бірқатар мәселелердің шешілгенін талап етеді, әйтпесе жоспарланған жұмыстар дұрыс орындалмайды және тиімсіз болады.

Б.Нұрабаев айтып кеткендей, заманауи зертханасыз геохимиялық зерттеулер жасалмайды, қолайлы инвестициялық ахуал  қалыптаспайынша мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік дамымайды.  
Айта кету керек, салалық бағдарламада үш блок пайдалы қазбалар қорының орнын толтыруға бағытталған бір-бірін толықтыратын компонент болып есептеледі. Мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестіктің блогын толыққанды дамытқан жағдайда инвестиция көлемі мен алынатын нәтижелер бюджеттік жұмыстардың ұқсас көрсеткіштері артуы мүмкін. 
 




Яндекс.Метрика