Ұлттың денсаулығы

Электрондық денсаулық сақтаудың орталық элементіне денсаулықтың электрондық паспорты айналуы тиіс – С. Қайырбекова

Электрондық денсаулық сақтаудың орталық элементіне денсаулықтың электрондық паспорты айналуы тиіс. Бұл туралы Елбасының «Қазақстан жолы:-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыруға арналған республикалық жиында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.
Астана қаласы28 Ақпан , 12:50

«Электрондық денсаулық сақтаудың орталық элементіне денсаулықтың  электрондық паспорты  айналуы тиіс. Оның негізінде пациенттің жеке кабинеті мен дәрігердің келуі және скрининг пен сауықтыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі көрсетіледі», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл әлеуметтік-бейімделу мен алғашқы медициналық көмектің біріншілік моделін құруға мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика