Ұлттың денсаулығы

Ауылдағы медициналық қызмет мембағдарламаның жүзеге асуына байланысты нығайды – А. Рафальский

Ауылдық медициналық қызметкерлерге Елбасы Жолдауы ерекше қуаныш сыйлады. Өйткені, ауылдағы жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар. Қазіргі таңда біздің «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламамыз бар, ол белгіленген жолмен жүруге мүмкіндік береді. Бұл туралы СҚО Тайыншы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Рафальский мәлімдеді.
Астана қаласы28 Ақпан , 12:44

«Биылғы Жолдаудың медициналық қызметкерлер үшін орны ерекше. Президент халқымыздың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттыруды тапсырды.    Осы бағдарламаның арқасында еліміздің медициналық қызметі нығайды. Жаңа озық медициналық құралғылармен – диагностика және емдеу жабдықтарымен жарақтандыруға қол жеткізілді.   Қазір біз медициналық қондырғыларды жалға ала аламыз, бұл бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауға мүмкіндік береді.   Қатарымыз жас мамандармен толықты, олар баспанамен, балалары балабақшамен қамтамасыз етілді», - деді А. Рафальский.

Сондай-ақ, дәрігерлер мен мейіргерлердің жұмыс істеу жағдайы жақсартылғанын айтты.

«Электрондық сырқаттама, амбулаториялық карталар жасалды. Әр дәрігердің және мейіргердің жұмыс үстелінде компьютер орнатылған.   Емханада науқастар дәрігерлердің қабылдауына телефонмен жазылады.   Дәрігерлер телімдер бойынша қосымша мейіргерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, психологтармен күшейтілді. Яғни, медициналық қызметкерлер үшін науқастарға қызмет етуге қолайлы жағдай жасалды. Бүгінгі таңда ауыл халқы өз қалауына қарай қалалық, облыстық және республикалық клиникаларға жата алады.  Ауылдағы дәрігерлердің біліктілігін көтеру үшін республикалық клиникалардың көшпелі шеберлік-сабақтары ұйымдастырылды», - деді А. Рафальский.  

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика