Ұлтаралық бірлік

Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын өскелең ұрпаққа сіңіру қажет – Д.Жұмин

Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын өскелең ұрпаққа сіңіру қажет, деп мәлімдеді «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалыс қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Данат Жұмин Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулыға қол қойғанына 19 жыл өткеніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында.
Астана қаласы28 Ақпан , 12:35

«Бүгінгі таңда елімізде болып жатқан өзгерістер – біздің әрқайсымыздың, соның ішіндегі алдыңғы толқынның ерен еңбегінің арқасы. Аға толқын өкілдері біздің қазіргі Қазақстанымыздағы жетістіктер мен бейбітшілікті алып келді. 20 жыл ішінде сіздер көптеген қызмет етіп, шаңырағымыда бейбітшілік пен берекені сақтай білдіңіздер. Енді біз ертеңнің қамын жеп, осы мақсатта «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалыс құрдық», - дейді Д.Жұмин.

Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы – біздің елімізде бейбітшілікті ұстап тұратын бірден бір маңызды ұйым.

«Өкінішке орай, біз кейінгі толқын жастардан ел арасына іріткі салып бөлінуге сеп болатын жағдайларды кездестіріп жатырмыз. Бұл белгілі бір деңгейде қауіптің барын білдіреді. Осы орайда мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын өскелең ұрпаққа сіңіру қажет деп тапқан болар едім. Бұл біздің күн тәртібімізден түспеуі керек», - деп түйіндеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика