Ұлттың денсаулығы

С. Қайырбекова: 2020 жылға дейін ҚР-да АМСК қаржыландыру көлемін 40 пайызға жеткізу қажет

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек денсаулық сақтау саласының басты негізіне айналуы тиіс. Бұл туралы Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға арналған республикалық жиын барысында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.
Астана қаласы28 Ақпан , 12:30

«Бүгінгі таңда АМСК қаржыландыру көлемі тегін медициналық кепілдендірілген көмектің 17 пайызын құрайды. 2020 жылға дейін біз оны 40 пайызға дейін жеткізуіміз қажет», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, бұл стационарлық көмектің жаңғыртылған жүйесін құруды қамтамасыз етеді.

«Біз енді ауруды сауықтыру жұмысымен айналыса аламыз, көп тараған ауруларды амбулаторлық дәрежеде және өлімнің алдын алу, оны азайтуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгін біз денсаулық сақтаудың сауықтыруын бейімдеу үшін кезеңді ауысу жүйесі бар, денсаулық сақтаудың барлық салалары алғашқы медициналық-санитарлық көмек арқылы көрінеді», - деді С. Қайырбекова. 




Яндекс.Метрика